Парольды ұмыттыныз ба? | Тіркелу
Құпия сөзінізді қалпына келтіру үшін 5466 нөмеріне Password деген сөзді SMS арқылы жолдаңыз.
Видео қызметіне тіркеліп жазылуды рәсімдеуге рұқсат алу үшін, 5466 нөмеріне Kino деген мәтінмен SMS жолдаңыз. ҚҚС – пен құны – 20 тг/күніне.

Пайдаланушының келісімі

1. Осы Пайдаланушылық келісімнің (әрі қарай – Келісім) тақырыбы – kino.tele2.kz сайтының (әрі қарай - Сайт) әкімшісі болып табылатын (әрі қарай — Әкімші) Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тіркелген және әрекет ететін заңды тұлға «Zero Gravity» ЖШС Компаниясы мен Сіздің (әрі қарай – Пайдаланушы) араңыздағы Сайтты пайдалануға қатысты қарым-қатынастар, соның ішінде, зияткерлік меншік нысандарын, сондай-ақ Сайттың өзге қызметтерін пайдаланумен байланысты қарым-қатынастар болып табылады.
2. Пайдаланушы ретінде – Интернет желісі арқылы Сайтқа қол жеткізуді жүзеге асыратын кез-келген жеке тұлға танылады. Осы Келісім кез-келген Пайдаланушының еркін қол жеткізуі үшін Сайтта орналастырылған. Сайтты пайдалану – Пайдаланушының осы Келісімнің шарттарымен келіскендігінің растамасы болып табылады. Сайттың Пайдаланушысы тарапынан Сайттың кез-келген қызметтерінің пайдаланылуы – барлық өзгертулерімен және толықтыруларымен бірге осы Келісімнің барлық тармақтарымен Пайдаланушының сөзсіз келісетіндігін және оның шарттарын сөзсіз қабылдайтындығын білдіреді.
3. Әкімші Пайдаланушыға алдын-ала және (немесе) кейіннен арнайы ескертпестен, кез-келген уақытта Келісімді өз қарауы бойынша өзгерту және толықтыру құқығын өз құзырында қалдырады. Келісімнің қолданыстағы редакциясы http://kino.tele2.kz/ru/privacy-policy/ мекенжайы бойынша қолжетімді. Келісімнің кез-келген өзгертулерінен кейін Пайдаланушының Сайтты пайдалануды әрі қарай жалғастыруы – Пайдаланушының осындай өзгертулермен және толықтырулырмен келісетіндігін білдіреді.
4. Әкімші аудиовизуалдық туындыларға және/немесе туындылардың фонограммаларына (әрі қарай – Контент) Пайдаланушының қол жеткізуін негізгі мақсат ете отырып, Пайдаланушыға Сайтқа қол жеткізуді ұсынады. Сайттағы Контентке қол жеткізу – Падаланушыларға коммерциялық емес жеке пайдалану мақсатында ғана ұсынылады.
5. Пайдаланушы осы арқылы 18 жасқа толғандығын, я болмаса Пайдаланушының елінде тиісті Контентті көру бойынша белгіленген немесе Контентті көру үшін төлем жасау мүмкіндігі бойынша белгіленген ең төменгі рұқсат етілген жасқа толғандығын растайды. Талап етілген жасқа толмаған Пайдаланушы ата-анасының, асырап алушыларының, қамқоршыларының, қорғаншыларының рұқсатынсыз және тиісті елдің заңнамасына сәйкес басқа да заңды өкілдерінің рұқсатынсыз мұндай Контентке қол жеткізуден және/немесе Контентті көру үшін төлем жасаудан тыйылуға міндеттеледі. Бұлай болмаған жағдайда, Талап етілген жасқа толмаған Пайдаланушы тарапынан Келісімнің осы тармағының шарттары бұзылғаны үшін жауапкершілік – ата-анасына, асырап алушыларына, қорғаншыларына, қамқоршыларына және тиісті елдің заңнамасы бойынша басқа да заңды өкілдеріне жүктеледі.
6. Пайдаланушы Контентке қол жеткізу барысында, техникалық қорғау құралдарын (атап айтқанда, IP-мекенжайлар бойынша Контентке қол жеткізуді аумақтық шектеу жүйесін немесе рұқсатсыз көшіруден қорғау жүйесін) айналып өтуге бағытталған қандай да бір әрекеттерді жүзеге асырмай жатқандығына және асырмайтындығына кепілдік береді.
7. Пайдаланушы Сайттағы өзінің есептік жазбасының қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуіне (телефон нөмірін бақылауды қоса есептегенде) өзі жауап береді және осыған байланысты шараларды өз бетінше қолға алады. Пайдаланушының есептік жазбасының пайдаланылуымен жасалған барлық әрекеттер үшін Пайдаланушы толық жауап береді. Пайдаланушының есептік жазбасының үшінші тұлғалар тарапынан рұқсатсыз пайдаланылуына қатысты кез-келген жағдайлар туралы Пайдаланушы Әкімшіге дереу хабарлауға міндеттеледі.
8. Сайтқа және Контентке қол жеткізу «өзіндік түрінде» ұсынылады және ұсынылатын қызметтердің – Пайдаланушы күткендей нйтижелерге сәйкес келетіндігіне Әкімші кепілдік бермейді.
9. Әкімші өзінің қарауы бойынша және Пайдаланушыға арнайы ескертпестен Контенттің типін және/немесе Сайттың атқарымын өзгерте алатындығын Пайдаланушы түсінеді және осымен келіседі.
10. Сайттың қатесіз және үздіксіз жұмыс істейтіндігіне Әкімшінің кепілдік бермейтіндігін және кез-келген жақтағы аппараттық немесе бағдарламалық жасақтаманың техникалық ақаулықтарының салдарынан Пайдаланушыға келтірілген зиян үшін үнсіздік бойынша жауап бермейтіндігін Пайдаланушы түсінеді және осымен келіседі.
11. Сайттың жұмысын қамтамасыз ету, Пайдаланушыға Контентке қол жеткізу қызметтерін ұсыну, сондай-ақ Пайдаланушыға ақпараттық қызмет көрсету мақсаттарында Пайдаланушының жеке деректерін Әкімшінің пайдалана алатындығымен Пайдаланушы келіседі. Тіркелу барысында Пайдаланушының көрсеткен телефон нөміріне Әкімшіден хабарламалар алып тұруға Пайдаланушы келіседі. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес соттың және/немесе құқық қорғау органдарының талап етуі бойынша ақпаратты ашуды қоспағанда, Әкімші Пайдаланушының келісімінсіз үшінші тұлғаларға Пайдаланушы туралы ақпаратты ашпауға міндеттеледі.
12. Әкімші кез-келген уақытта өз қарауы бойынша Пайдаланушының Сайтқа немесе Сайттың жекелеген қызметтеріне қол жеткізуін тоқтата тұру, шектеу немесе тоқтату құқығын өз құзырында қалдырады, соның ішінде, бірақ осымен шектелместен: Пайдаланушы осы Келісімді және/немесе қолданыстағы заңнаманы бұзған жағдайда.
13. Шыққан елінің заңнамасына сәйкес қоғамдық игілікке айналған туындылар – автордың жеке мүліктік емес құқықтарының сақталуымен кез-келген тұлғалар тарапынан еркін пайдаланыла алатындығын Әкімші Пайдаланушының назарына жеткізеді. Сондықтан Әкімші тарапынан олардың Сайтта пайдаланылуы – авторлық құқықтың ешбір нормаларына қайшы келмейді.
14. Шыққан елі болып табылмайтын елдің заңнамасына сәйкес қоғамдық игілікке айналған Контент – автордың жеке мүліктік емес құқықтарының сақталуымен, кез-келген тұлғалар тарапынан осындай елдің ішінде ғана пайдалнылыла алатындығын Әкімші Пайдаланушының назарына жеткізеді. Заңнамасына сәйкес мұндай Контент қоғамдық игілік болып табылмайтын елдердегі Пайдаланушылар үшін Әкімші мұндай Контентке қол жеткізуге шектеу орнатады. Осы Келісімге сәйкес, осындай Контентке қол жеткізу мақсатында техникалық қорғау құралдарын айналып өтуге бағытталған кез-келген әрекеттер – авторлық құқықты бұзушылық болып табылады және Пайдаланушы осындай әрекеттер үшін қолданыстағы заңнамамен қарастырылған заңи және өзге жауапкершілікті өз бетінше көтереді.
15. Әкімші Пайдаланушыға Контентке қол жеткізудің келесі Қызметтерін ұсынады:
15.1 Жазылу бойынша қол жеткізу – Әкімшінің Сайтта тіркелу рәсімінен өткен Пайдаланушыға – осы Келісімде көрсетілген ережелерге, шектеулерге және техникалық талаптарға сәйкес жазылудың қолданылу мерзімінің ішінде Контенттің Әкімші анықтайтын бірлігі көлеміне қол жеткізуді ұсынатындығын білдіреді. Бұл ретте, Әкімші Жазылу бойынша қол жеткізудің бірнеше түрін (Жазылу бойынша қол жеткізудің типтері) Сайтта орналастыруға құқылы болады. Қол жеткізудің қолданылу мерзімінің басталуы – Пайдаланушы оның ақысын төлеп, Әкімшінің төлемдерді есептеу бойынша электрондық жүйесінде Қызметтің ақысының төлену дерегі көрінген сәттен бастап есептеледі.
16. Контентке ақылы қол жеткізу қызметтері Пайдаланушыға төменде көрсетілген тәртіпте және шарттармен ұсынылады:
16.1. Сайтта тіркелу рәсімінен өткен Пайдаланушыға Контентке ақылы қол жеткізуді ұсыну –– осындай пайдаланушының kino.tele2.kz ресурсына қол жеткізу үшін тиісті төлемді жасауы шартымен жүзеге асырылуы мүмкін.
16.2. Контентке ақылы қол жеткізу құнының көлемі, нысаны және төлем жасау шарттары http://kino.tele2.kz/ru/faq/ мекенжайы бойынша Сайтта көрсетілген.
16.3. Ақылы Контентке қол жеткізу – құрылғыда авторландырылғаннан кейін, бір уақытта осындай құрылғыда ғана ұсынылады. Басқа құрылғыда on-line көру мақсатында ақылы Контентке қол жеткізу мүмкіндігін алу үшін, бірінші Құрылғыдағы жұмысты аяқтап, басқа Құрылғыда авторландыруды жүзеге асыру қажет.
16.4. Контентке ақылы қол жеткізу құнының көлемін және осындай қол жеткізу арқылы Пайдаланушы үшін қожетімді Контенттің тізімін Әкімші кез-келген сәтте өз қарауы бойынша, Пайдаланушыға бұл туралы арнайы ескертпестен өзгертуі мүмкін.
17. Контентке ақылы қол жеткізудің ақысын төлей отырып, Пайдаланушы автоматты түрде келесілермен келіседі:
17.1. Құрылғылардың көмегімен Сайттағы Контентке қол жеткізу үшін, Пайдаланушыда Контентті ойнатуға мүмкіндік беретін тиісті бағдарламалық жасақтама орнатылған болуы тиіс екендігінен Пайдаланушы хабардар.
17.2. Контентке ақылы қол жеткізу үшін анықталған мерзім аяқталғаннан кейін, мұндай Контент қолжетімсіз болады.
17.3. Ақы төленетін Контентті көрудің сапасы – Интернет желісінің жұмыс істеу жылдамдығына байланысты болады.
18. Жасы 18-ге толмаған Пайдаланушылар өздерінің кәмелетке толған өкілдерінің – ата-анасының, асырап алушыларының, қорғаншыларының, қамқоршыларының немесе тиісті елдегі заңнамаға сәйкес басқа да заңды тұлғаларының қатысуынсыз және келісімінсіз Контентке ақылы қол жеткізуді пайдалану құқығын иемденбейді.
19. Осы Келісімнің шарттары бойынша, Контентке ақылы қол жеткізуді ұсыну жөніндегі Қызметтер – Пайдаланушы олардың ақысын төлеген сәтте көрсетілген болып есептелетіндігін Пайдаланушы мен Әкімші растайды және осымен келіседі.
20. Жазылу бойынша Қол жеткізудің ақысын төлеу – Пайдаланушының тиісті тұлғалық шотынан Жазылу бойынша қол жеткізу құнының тиісті мөлшерін автоматты түрде шығынға жазуға қатысты Пайдаланушы өз келісімін растаған жағдайда Пайдаланушының қатысуынсыз, тұрақты негізде Пайдаланушының тұлғалық шотынан ақшалай қаражатты автоматты түрде шығынға жазу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Пайдаланушы Жазылу бойынша қол жеткізудің ақысын төлеуді бастапқы жүзеге асырған кезде, Пайдаланушының тиісті шотынан тұрақты түрде Жазылу бойынша қол жеткізу құнының көлемін автоматты түрде шығынға жазуға өзінің келісетіндігін немесе осындай шығынға жазудан бас тартатындығын растайды.
21. Жазылу бойынша қол жеткізу үшін ақшалай қараражатты автоматты түрде шығынға жазу – Пайдаланушы таңдаған Жазылу бойынша қол жеткізу типінің тиісті қолданылу мерзімі басталғанға дейін жүзеге асады.
22. kino.tele2.kz ресурсына ақылы қол жеткізу үшін ақшалай қаражатты автоматты түрде шығынға жазу – тұрақты негізде kino.tele2.kz ресурсына Пайдаланушының ақылы қол жеткізуінің қолданылу мерзімінің ішінде, Жазылу бойынша қол жеткізу шарттарына сай kino.tele2.kz ақылы ресурсына ақылы қол жеткізуге тапсырыс берген кезде Пайдаланушының таңдаған шарттарымен, Пайдаланушының Сайттағы аккаунтында Пайдаланушы мұндай опциядан бас тартқан сәтке дейін жүзеге асырылады.
23. Пайдаланушы Контентке ақылы қол жеткізуден бас тартуы үшін, 5466 нөміріне STOP мәтіні бар SMS хабарлама жіберуі тиіс.
24. Қуатталатын құрылғылар:

Android:
Android 1.6 және одан жоғары (смартфондар мен планшеттер)
iOS:
iOS 3.0 және одан жоғары (смартфондар мен планшеттер)
Windows Phone:
Windows Phone 7.5 және одан жоғары
Bada:
Bada OS 1.0 және одан жоғары
Symbian:
Symbian^3
S60 5th Edition
S60 3rd Edition, Feature Pack 2
S60 3rd Edition, Feature Pack 1
Belle
BlackBerry:
BlackBerry® OS 4.3 және одан жоғары смартфондар және жоғары жылдамдықты сымсыз желілерді (3G, Wi-Fi) қолдайтын смартфондар
Windows Mobile:
Тек ресми прошивкалары ғана қуатталады
Windows Mobile 6.5.3 Professional
Windows Mobile 6.5 Professional
Windows Mobile 6.1 Professional
Windows Mobile 6.1 Classic
Windows Mobile 6 Professional
Windows Mobile 6 Classic
Windows Mobile 5 Phone Edition
Windows Mobile 5 Pocket PC
iPhone/iPad:
iPad
iPhone OS 3.0 және одан жоғары
iPod Touch

Бейнені көру үшін, құрылғының стандартты браузерін немесе Opera Mini браузерін пайдалану қажет. Шешімі кемінде 320x240 болатын, MPEG4 және AAC кодектерін, ағындық бейнені ойнататын телефондар қуатталады. Сонымен қатар дербес компьютерлердің көмегімен көруге болады.

 

Разное